20
тамыз
2021
"Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021 - 2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы" әдістемелік нұсқау хатпен танысып, талқылау жұмыстары
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында ағымдағы жылдың 20 - тамыз күні әдістемелік бірлестіктер жетекшілері "Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021 - 2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы" әдістемелік нұсқау хатпен танысып, талқылау жұмыстарын жасады. Жаңа оқу жылында ұстаздарды жалпы оқу - тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етудің негізгі нормативтік құқықтық актілерімен таныстырып, білім алушылардың білімін толықтырып, ұлттық құндылықтар негізінде мектептің мәдени ортасын қалыптастыру міндеттелді. Сонымен қатар, жекелеген сыныптарға жаңа пәндерінің енгізілуі, жобалармен жұмыс жүргізуі, сабақтың ұзақтығы, білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру, қарым - қатынас мәдениеті, мектеп пен ата - аналардың өзара байланысын күшейту т.б ерекшеліктерге баса назар аударылды. Директордың оқу - әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Р. Бабижанова