16
наурыз
2022
"Менің айналамдағы мамандықтар" тақырыбында тренинг
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында мектеп психологы Р. Молдобекова 8-9 сынып білім алушыларымен мамандық әлемі туралы ақпарат беру, мамандықтарға деген ынта - ықыласын арттыру, мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру мақсатында "Менің айналамдағы мамандықтар" тақырыбында 11-15 ақпан күндері тренинг жүргізді. Тренинг барысында қатысушыларға мамандық туралы ақпарат беріліп "Бала кезімде мен ... болғым келеді" сөйлемді жалғастыр жаттығуы, "Әріпті мамандық", "Мамандықты тап", "Ең - ең" ойындары жүргізілді сонымен қатар білім алушылар "Мамандық дегеніміз не?" тақырыбында өз ойларын постерге жазып, қорғап шықты. Тренинг соңында рефлексия жүргізіліп, әр қатысушы өз ойын айтты