24
наурыз
2021
"Мамандық туралы диалог - иә, бірақ...", Мамандықты нумерология заңына сәйкес таңдау жаттығулары
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында 24.03.2021ж мектеп психологтары Р.Молдобекова, Ж.Черембаева 9 - 10 сынып білім алушыларымен "Мамандық таңдау маңызды іс" тақырыбында онлаин форматында әлеуметтік WhatsApp желісінде әр сыныппен бөлек кездесу өткізді. Мақсаты: жеке тұлғаның сан алуан мамандықтарға деген ынта ықыластарын анықтау, кәсіптік бағдар беру, кәсіптік білім берудің құрылымымен таныстыру. Кездесу барысында білім алушыларға мамандық таңдауда маңызды формулалар айтылып, Сізге қай мамандық лайық? (психологиялық тест), "Мамандық туралы диалог - иә, бірақ...", Мамандықты нумерология заңына сәйкес таңдау жаттығулары жүргізілді. Кездесу соңында білім алушылар өздерінің ой - пікірлерімен бөлісті.