18
мамыр
2022
"Педагогикалық идеялар фестивалі" байқауының облыстық кезеңі
Қоғамға өзінің зияткерлік еңбегінің нәтижесін көрсеткісі келетін және кәсіби қауымдастықтың ішінде үздік педагогикалық тәжірибесімен бөліскісі келетін белсенді және шығармашыл педагогтерге бағытталған, педаготердің кәсіби шеберлігін көтеру, озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау және тарату мақсатында жүргізілген "Педагогикалық идеялар фестивалі" байқауының облыстық кезеңіндегі әртүрлі бағыттары бойынша қатысқан №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының ұстаздары Д. Байтанаева, М.Бекасилова, А. Кайралапова, Ж. Черембаеваның ұсынған шығармашылық жұмыстары жоғары бағаланып, облыс әкімдігі білім басқармасының оқу - әдістемелік кабинетінің ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталып, республикалық кезеңге жолдама алды. Педагогтік шеберлік - дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Ендеше өркениет көшіндегі білім кемесінің сапары сәтті болсын. Жүлделі орындарыңыз құтты болсын, әріптестер, құттықтаймыз!!!