25
тамыз
2022
"Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" тақырыбындағы аудандық тамыз педагогикалық кеңесі
2022 жылдың 25 тамыз күні № 1 А. Асқаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы базасында "Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" тақырыбындағы аудандық тамыз педагогикалық кеңесінде мектебіміздің тарих пәні мұғалімі, педагог - шебер Г. Касымов "Қазақстан тарихы пәнінен ұлттық бірыңғай тестілеуге даярлаудың тиімді жолдары" ашық панельдік дискуссиясын жүргізді. Гани Сарсембайұлы ҰБТ-ға дайындауды ерте жастан бастап, жаңа тақырыпты терең меңгеріп, білім алушының санасына жеткізе отырып түсіндіру және визуалды түрде есте сақтау қабілеттерін дамыту маңыздылығын айтып, өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Ұлттық бірыңғай тестілеу - білім сапасының басты көрсеткіші. Ал, білімді ұрпақ талапшыл ұстаздан, білікті маманнан шығатыны хақ.