18
қаңтар
2019
Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсы
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 16-17 қаңтар күні Алматы қаласында өткен Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсына биология пәні мұғалімі Кикабаева Асель Ашимхановна «Әр түрлі сабақтар, бірақ әрқайсысында шебердің қолы...» бағытында «CLIL технологиясы биология пәнінде қолданудың тиімді жолдары» тақырыбындағы жұмысын қорғап II орынға ие болды. Бастауыш сынып мұғалімі Садирмекова Гульбаршын Болатбековна «Шығармашыл толқын» бағытында «Қалыптастырушы бағалау арқылы білім алушылардың оқу белсенділігін арттыру» тақырыбы бойынша өз идеясымен бөлісіп, III орынды иеленді.