19
наурыз
2024
“Заманауи білім беру жүйесіндегі оқыту мәселелері: жаңаша көзқарас пен парадигмалар” атты Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясы
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде қазіргі заманғы білім беру кеңістігінде педагогикалық кадрларды даярлаудың заманауи трендтерін бағыттау, инновациялық іс-тәжірибені зерделеу мақсатында “Заманауи білім беру жүйесіндегі оқыту мәселелері: жаңаша көзқарас пен парадигмалар” атты Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясы өткізілді. Конференцияға Түркия, Өзбекстан, Корея т.б мемлекеттерден ғалымдар қатысып, шетелдің іс-тәжірибелерін әріптестермен бөлісті. Іс-шараға белсене қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені үшін № 5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының мұғалімдері: Ж.Алайдарова, А.Атамқұлова, М.Бекасилова, Ж.Беделбай, Г.Наушабаева мен С.Каримова арнайы І- ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Пән мұғалімдерінің ғылыми мақалалары жоғары бағаланып, халықаралық жинаққа енді.