18
мамыр
2026
"Үздік директордың орынбасары" байқауы
2026 жылдың 18 мамыр күні Меркі ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен маңызды шара – "Үздік директордың орынбасары" байқауы өтті. Осы додада мектебіміздің директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Алденбаева жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жүлделі орыннан көрінді!Бұл байқау білім беру ұйымдарындағы басқару қызметінің тиімділігін арттыру, кәсіби шеберлікті дамыту және озық тәжірибені тарату мақсатында өткізілген болатын. Әріптесіміз бұл сында өзінің көшбасшылық қабілетін, мол тәжірибесі мен ұйымдастырушылық дағдысын таныта біліп, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 

Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, еңбегіңізге толағай жеміс және жаңа кәсіби биіктер тілейміз!
