Жетістіктеріміз » Страница 2 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті базасында "Білім берудегі цифрлық коллаборация: өзекті проблемалары және перспективалары" атты Халықаралық педагогикалық оқулары
12
сәуір
2024
М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті базасында "Білім
2024 жылдың 10-11 сәуір күндері М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті базасында "Білім берудегі цифрлық коллаборация: өзекті проблемалары және перспективалары" атты Халықаралық педагогикалық оқулары өткізілді.  Жаһандық білім беру кеңістігінде педагогикалық кадрларды  даярлаудың заманауи трендтері және цифрлық коллаборацияның басым бағыттарын айқындау; цифрлық платформалар мен технологияларды пайдаланудың тиімді жолдарын анықтау, инновациялық іс-тәжірибені зерделеу мақсатында
"Педагогтер мен ата-аналар аналар: балалардың қызығушылығы негізіндегі  ынтымақтастық" атты республикалық байқауы
20
наурыз
2024
"Педагогтер мен ата-аналар аналар: балалардың қызығушылығы
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Бекасилова Молдир Амантаевна  ҚР Оқу- ағарту министрлігінің "Өркен" балалардың ұлттық  ғылыми - практикалық институтының ұйымдастыруымен өткен "Педагогтер мен ата-аналар аналар: балалардың қызығушылығы негізіндегі  ынтымақтастық" атты республикалық байқауына қатысып, "Ата- аналармен жұмыс жасауда интербелсенді әдістерді қолдану" номинациясын иеленіп, Мақтау қағазымен марапатталды. Құттықтаймыз! 
Білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі жеке үлесі және облыстың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны
19
наурыз
2024
Білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі жеке үлесі
Білім беру жүйесін дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі жеке үлесі және облыстың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін #5Ақарал  жалпы орта білім беретін мектеп−гимназиясының, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Атамкулова Асия Уалихановна Жамбыл облысы Оқу−ағарту, Ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ одағы қоғамдық бірлестігінің«Құрмет грамотасымен» марапатталды. Құттықтаймыз!
“Заманауи білім беру жүйесіндегі оқыту мәселелері: жаңаша көзқарас пен парадигмалар” атты Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясы
19
наурыз
2024
“Заманауи білім беру жүйесіндегі оқыту мәселелері: жаңаша көзқарас
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде қазіргі заманғы білім беру кеңістігінде педагогикалық кадрларды даярлаудың заманауи трендтерін бағыттау, инновациялық іс-тәжірибені зерделеу мақсатында   “Заманауи білім беру жүйесіндегі оқыту мәселелері: жаңаша көзқарас пен парадигмалар” атты Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясы өткізілді. Конференцияға Түркия, Өзбекстан, Корея т.б мемлекеттерден ғалымдар қатысып, шетелдің іс-тәжірибелерін әріптестермен бөлісті. Іс-шараға белсене
Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі және жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі жетістіктері
07
наурыз
2024
Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай білім беру жүйесін
8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі және жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі жетістіктері үшін №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясының химия пәні мұғалімі Алайдарова Жанат Калдарбековна  Жамбыл облысының білім басқармасының  “Құрмет грамотасымен” марапатталды. Құттықтаймыз!!! 
"Педагогикалық идеялар фестивалі" байқауының облыстық кезеңіндегі "Шығармашыл толқын" бағыты бойынша
31
қаңтар
2024
"Педагогикалық идеялар фестивалі" байқауының облыстық кезеңіндегі
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен педагогтердің кәсіби шеберлігін көтеру,  озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау және тарату мақсатында жүргізілген "Педагогикалық идеялар фестивалі" байқауының облыстық кезеңіндегі "Шығармашыл толқын" бағыты бойынша қатысқан №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының ұстазы Р.Бабижанованың ұсынған шығармашылық жұмысы жоғары бағаланып,  жүлделі  ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.  
"Үздік тәлімгер - -2024" байқауы
31
қаңтар
2024
"Үздік тәлімгер - -2024" байқауы
"Жас Ұлан" ұйымының жұмысын кеңінен насихаттау және жүргізу, тәлімгердің  кәсіби шеберлігін көтеру  мақсатында  ұйымдастырылған аудандық "Үздік тәлімгер - -2024" байқауында #5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы  3 орынды иеленді  
"Пед START" республикалық қашықтық олимпиадасы
18
қаңтар
2024
"Пед START" республикалық қашықтық олимпиадасы
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен математика және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған "Пед START" республикалық қашықтық олимпиадасына барлығы 18 мұғалім қатысып,  жүлделі І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!!! 
"Педагогикалық идеялар фестивалі" байқауының аудандық кезеңіндегі әртүрлі бағыттары бойынша
29
желтоқсан
2023
"Педагогикалық идеялар фестивалі" байқауының аудандық кезеңіндегі
Педагогтердің кәсіби шеберлігін көтеру,  озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау және тарату мақсатында жүргізілген "Педагогикалық идеялар фестивалі" байқауының аудандық кезеңіндегі әртүрлі бағыттары бойынша қатысқан №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының ұстаздары М. Алденбаева, Р.Бабижанова, Э. Жақсыбаева, Ж. Байгунусованың ұсынған шығармашылық жұмыстары жоғары бағаланып,  аудандық оқу - әдістемелік кабинеті ұйымдастырған кәсіби конкурстың І,  ІІІ дәрежелі дипломдарымен
Облыстық "Үздік авторлық бағдарлама" байқауының  II орын жеңімпаздары
20
қараша
2023
Облыстық "Үздік авторлық бағдарлама" байқауының II орын жеңімпаздары
Пәндер бойынша таңдау курстарын, арнайы және элективті курстар, оқу пәндерінің авторлық бағдарламаларын құрастыратын үздік мұғалімдерің алдыңғы қатарлы авторлық тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында ұйымдастырылған  облыстық "Үздік авторлық бағдарлама" байқауының  II орын жеңімпазы N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясының химия пәнінің мұғалімі Алайдарова Жанат Калдарбековна, IIIорын жеңімпазы тарих пәнінің мұғалімі Джадраев Азамат Дүйсебаевич марапатталды. Құттықтаймыз!!!