№№ сынып оқушыларымен олардың ата-аналарымен жиналыс » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » » №№ сынып оқушыларымен олардың ата-аналарымен жиналыс
10
қыркүйек
2024

№№ сынып оқушыларымен олардың ата-аналарымен жиналыс

№5 Ақарал жапы орта білім беретін мектеп-гимназясы

11 «А», «Ә» сынып білім алушыларымен және олардың ата-аналарымен өткізілген жиналысына хаттама

Ақарал ауылы                                                                                       Күні: 10.09.2024ж

Қатысқандар: Мектеп-гимназия директоры: Н. Конкабаев, директордың оқу-тәрбие        ісі жөніндегі орынбасары М. Алденбаева, 11 сынып білім алушылары және 31 ата-ана.

Күн тәртібіндегі мәселе:

  1. ҰБТ-ның жаңа форматымен ата-аналарды, білім алушыларды таныстыру.
  2. ҰБТ-ның ББ алынатын ай сайынғы сынама тест кітапшасының  ақылы болу туралы.

                                                       Тыңдалды:

  • Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп-гимназия директоры Конкабаев Ниетқали Абдымомынұлы сөз алды.  Ұлттық бірыңғай тестілеуді электронды форматта өткізілетінін білесіздер. Компьютерлік ҰБТ-ға өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының http://app.testcenter.kz/ сайты арқылы беруге болады. Тіркеу онлайн режимде жүргізіледі, ешқандай құжат пен фотосуреттер талап етілмейді. Білім алушылар сайтқа кіріп, кез келген тестілеу пунктін, ҰБТ тапсыру күні мен өзіне ыңғайлы уақытты таңдайды. Ең ұтымды жағына тоқталсақ, оқуға түсушінің өзі қай күнге, қай уақытта және қай жерде өткізуді таңдай алады. Тағы бір ерекшелігіне тоқталсақ, мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны екінші рет бірнеше күннен кейін немесе мамыр не маусым айларында тапсыру мүмкіндігі болады. Тестілеуге бір күнде 2 рет қатысуға тыйым салынады. Мемлекеттік білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші ең жақсы нәтижесі бар сертификатты ұсына алады. Бұл мүмкіндік үміткерлердің грант ұтып алу мүмкіндігін айтарлықтай арттыра түспек. Тағы бір артықшылығына тоқталсақ, тест нәтижесі жұмыс күнінің соңында емес, тестілеу нақты аяқталғаннан кейін бірден сол жерде қолжетімді болады. ҰБТ нәтижелерімен келіспеген жағдайда талапкер апелляцияға сол күні, яғни 30 минут ішінде өтініш беруге құқылы». Электронды ҰБТ нәтижелерін өңдеу барысында парақтағы ішінара боялған жауаптардың есептелмей қалуы сияқты техникалық қателердің болуы мүмкін емес. Тестілеудің бұл форматында оқушылар жауап парағын толтыруға уақыт жұмсамай, бұл уақытты тест тапсырмаларын орындауға пайдалана алады. Компьютерлік тестілеудің тағы бір артықшылығы – ҰБТ нәтижелерін тестілеу аяқталғаннан кейін бірден білуге болады. Тестілеу қорытындысы бойынша жиналған ұпай саны экранға шығарылады. Сондай-ақ ҰБТ қатысушысы қандай сұрақтарға қате жауап бергенін бірден көре алады. «Тестілеу аяқталғаннан кейін, талапкер апелляцияға өтініш бере алады. Егер сұрақтардың құрамына немесе техникалық себептерге байланысты аппеляцияға беретін болса, оның 30 минут уақыты болады. Отырған орнындағы компьютерден аппеляцияға бере алады. Аппеляция 30 күннің ішінде қарастырылады және оның нәтижесі талапкердің жеке кабинетінде көрсетіледі». ҰБТ нәтижесі бойынша талапкерлер ең жоғары 140 балл жинай алады. Оның айтуынша, тестілеуді өткізу уақыты - 210 минут (3,5 сағат). Атап айтқанда, тестілеу кезінде бір сағаттан кейін талапкерлерге екі минут үзіліс, 120 минуттан кейін 15 минут үзіліс беріледі. Бұл үзілістер компьютерге қатысты ерекшеліктерді ескере отырып, санитарлық нормаларға сәйкес балаларға арнайы беріліп отыр. Бұл қадамдар талапкерлердің денсаулығы үшін жасалып отыр. «Ұлттық бірыңғай тестілеу электронды форматта «бір тест тапсырушы – бір компьютер – бір камера» қағидаты бойынша ұйымдастырылады. Демек, әрбір қатысушы жеке компьютерде отырып, ҰБТ тапсырмаларын орындайды. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аудардық. Тестілеу процесі шифрлау элементтері бар арнайы жабық VPN желісі арқылы жүзеге асырылады». Білім министрлігінің мәліметінше, аудиторияда не болып жатқанын көрсететін камералардан басқа, тест тапсырушы отыратын әр үстелдің үстінде тағы бір камера орнатылады. Прокторинг пен бейнебақылаудың заманауи жүйесі және ҰБТ-да бөгде адамдарды болдырмау үшін Face ID цифрлық сәйкестендіру құрылғысы пайдаланылады. Ережелердің сақталуын арнайы компьютерлік бағдарлама бақылайды, ол тыйым салынған заттарды қолдану фактілерін автоматты түрде анықтайды. Егер ҰБТ тапсыру кезінде талапкердің смартфон, шпаргалка және т.б. тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, тестілеу автоматты түрде тоқтатылады, тест тапсырушының нәтижелері жойылады. Тестілеу процесін қосымша ахуалдық орталық бақылайды. Сондай-ақ ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз ету үшін ҰБТ-ны өткізу рәсіміне Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Арнайы мониторингтік тобы мен «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері шақырылатын болады.Педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ-ның шекті балы 75-ке дейін ұлғайтылды.Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін немесе ақылы негізде оқуға түсу үшін: «Педагогикалық ғылымдар» саласы бойынша кемінде 75 балл;Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» саласы бойынша кемінде 65 балл;«Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру салалары бойынша кемінде 60 балл;Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін – кемінде 65 балл, ал басқа жоғары оқу ұйымдарына кемінде 50 балл керек. 
  • Күн тәртібіндегі екінші  мәселе бойынша директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М. Алденбаева, ұлттық біріңғай тестілеуге дайындық мақсатында аудандық білім бөлімінен алынатын ай сайынғы сынама тест кітапшасы және онлайн тесттер ақылы түрде болатынын айтты.  Түлектеріміздің ата-аналары бір ауыздан толық келісімдерін беріп, қолдайтындарын айтты. Түлектердің ата-аналарының естен шығармайтын ең үлкен қағидасы: ҰБТ-ге дайындық отбасын ажыратпай, керісінше, оның ауызбірлігін күшейтуі керек! Отбасында өзара түсіністік, өзара қолдау, құрмет пен сыйластық, сүйіспеншілік әлеуеті артуы керек!Осы орайда мектебіміздің психологиялық қызметі ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мұндай жағдайда жасөспірімге көмек, ең алдымен ата-анасының көмегі қажет екендігі түсінікті. Біз әр ата-ана ҰБТ нәтижелерінің маңыздылығы, баланың денсаулығы мен оның эмоционалдық амандығы туралы қамқорлықты көлеңкелемеу керек екендігін түсінгенін қалаймыз. Өйткені алда – әлі ұзақ өмір жатыр және де жасөспірім оған өзінің күшіне деген сеніммен, ата-анасы өзін түсінеді және қолдайды, тіпті егер бірден барлығы ойлағандай болмаса да, болашақта алға қойған мақсатына жету мүмкіндігі бар екендігі сезімімен қадам жасауы тиіс деп сөзін аяқтады. 


Шешімі:

  1. ҰБТ-ның жаңа форматымен ата-аналарды, білім алушыларды таныстыру нұсқаулықтар бойынша ата-аналар және білім алушылар тарапынан басшылыққа алынсын; 
  2. ҰБТ-ның білім бөлімінен алынатын ай сайынғы сынама тест кітапшасының  ақылы болуы  ата-аналардың назарына алынсын.




                          Жиналыс төрайымы:                            М.Алденбаева

                                                    Хатшы:                                   

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив