29
қазан
2019
Ұлттық біліктілік тестілеуге дайындау және өткізу ерекшеліктері туралы түсіндіру жұмыстары
2019 жылдың 29 қазанында № 5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында №16,№ 23,№ 19 жалпы білім беретін мектептерінің 11 сынып оқушылары, ата-аналары және мектеп ұстаздарымен аудандық тест орталығының басшысы Сақыпбек Гүлнар Бегалықызының ұйымдастыруымен жиналыс болып өтті. Жиналыс барысында оқушыларды ҰБТ-ге дайындау мен педагог қызметкерлерді аттестаттаудың бірінші кезеңі - Ұлттық біліктілік тестілеуге дайындау және өткізу ерекшеліктері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.