09
желтоқсан
2022
Тараз өңірлік университеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы, химия магистрі Мамешова Саят Алишериевнамен кездесу
Бүгін М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы, химия магистрі Мамешова Саят Алишериевна №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының оқушыларымен кездесті. Кәсіби бағдар жұмыстарын жасау мақсатында оқушылармен сұхбат жүргізді. Оқушыларға кәсіби бағдар беру– жас ұрпақты өсіруге, оқытуға, тәрбиелеуге жетелейді. Кәсіптік бағдар бойынша жұмыс барысында оқушылар мамандықтар әлемімен танысты. Оқушыларға қызығушылық танытқан мамандықтарға қатысты кеңестер беріліп, таңдаған мамандықтар туралы ақпарат берілді. Кәсіби бағдар берудің басты мақсаты – оқушыларға мамандық таңдау туралы шешім қабылдауға қолдау көрсетеді. Кездесу барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті туралы жан-жақты мәлімет берілді, оқушыларға университет жайында брошюралар тарқатылды. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі — жар таңдағанда, екіншісі — мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаса керек. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз”-деген сөздермен кездесу қорытындыланды.