03
ақпан
2025
«2025 жыл-Жұмысшы мамандықтар жылына» орай “Мамандық таңдау- болашаққа нық қадам” тақырыбында: Онкүндіктің салтанатты ашылуы
«2025 жыл-Жұмысшы мамандықтар жылына» орай “Мамандық таңдау- болашаққа нық қадам” тақырыбында: Онкүндіктің салтанатты ашылуы 03 ақпан күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Мақсаты: Жастарды кәсіби өмірге дайындау ,олардың мамандық таңдаудағы шешімдерін саналы түрде қабылдауға бағыттау және болашақта табысты әрі жауапты маман болуға көмектесу. Іс-шара барысында білім алушыларға тренингтер жүргізіліп , әр түрлі болашақта сұранысқа ие мамандықтармен викториналық ойындар арқылы танысты, "Мамандық таңдау-еңбек қызметінің түрі ғана емес, өмір салтын, қарым-қатынас саласын, жалпы-өз тағдырын таңдау" мәселесінің маңыздылығы мен жауапкершілігіне назар аударды. Жауапты : Кәсіби бағдар беруші педагог Д.Увалиева


