04
мамыр
2022
6-10 сынып оқушылары арасында "Құнды құжат" атты облыстық сырттай байқау
4 мамыр күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті жалпы білім беру мекемелерінің 6-10 сынып оқушылары арасында "Құнды құжат" атты облыстық сырттай байқау ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткен тарихымызға құрмет көрсету және азаматтардың қолында сақталған тарихи құжаттарды жинақтау. Байқау барысында оқушылар тұрғындардың жеке архивтерінде сақталып қалған жыр-дастандардың қолжазбаларын, майданнан жазылған хаттарды, награда қағаздарын және тарихымызға қатысты құнды құжаттарды жинақтау бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізді.
Бағыты: Ұлы Отан соғысынан бүгінгі күнге дейін құнды құжаттар.
Баяндаманың тақырыбы: "Ұлы Отан соғысының ардагері Қыздарбеков Тұрлығұл Қыздарбекұлы (хаттары негізінде соғыс жылдарын суреттеу)" Ауданымыздың мақтанышы Ұлы Отан соғысының ардагері Қыздарбекұлы Тұрлығұл атаның өз қолымен жазып қалдырған өмірбаяны, майданда жасаған ерліктері және де жазылған хаттары туралы тың ақпараттар мен бөлісуді жөн көрдім.
Бүгінде Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің ерлік істері мен есімдері аңызға айналып барады, тағы да бірер жылда, тіпті, аңыз болып қалады. Нәтижесінде құнды тарихи құжаттар анықталып, оқушылардың жұмыстары бағаланды. Жинақталған құнды құжаттар мұрағатқа тапсырылатын болады.
Тың мәліметі мен құнды құжаттары бірнеше жұмыстардың ішінен іріктеліп шыққан жеңімпаздар қатарында N5 Ақарал ЖОББМГ 6 "А" сынып оқушысы Дүйсенқұл Еркежан жүлделі І орынды иеленді. Жетекшісі: А. Джадраев.