12
желтоқсан
2024
2-7 сынып оқушылары арасындағы "Зерде" республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен 2-7 сынып оқушылары арасындағы "Зерде" республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінде "ағылшын тілі" бағыты бойынша 4 "А" сынып білім алушысы А.Ермек "Creating Fairy Tales with AI: A Fun Way to Learn English" жеке жұмысымен жүлделі І орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды. 4 "А" сынып білім алушысы Н.Сағатбек "биология, химия" бағытынан "Гидропоникалық жүйеде құлпынай өсіру: топырақсыз тәжірибе" зерттеу жобасымен ІІ орын жүлдегері атанып, 3 "А" сынып білім алушысы Н.Ашимхан "орыс тілі" бағыты бойынша "Удивительные палиндромы" атты шығармашылық жұмысы үшін Грамотамен марапатталды. Құттықтаймыз!!!
Ғылыми жетекшілері: бастауыш сынып мұғалімі М. Бекасилова, ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Атамкулова мен орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ж.Черембаева.
