13
қазан
2020
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Дәстүр мен ғұрып" жобасы
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының үйірме жетекшілері, көркем еңбек пәні мұғалімдері А.Барменкулов пен А.Уалиеваның жетекшілігімен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Дәстүр мен ғұрып" жобасының іске асырылуы бойынша 6-9 сынып білім алушылары арасында сырттай "Алтын қазына" тақырыбында көркем және сәндік-қолданбалы заттар көрмесі ұйымдастырылды. 9 сынып оқушылары (қыздар ) тоқыма бұйымдарын дайындаудан: киіз басу, гобелен, теріні көркемдеп өңдеу бойынша жұмыстарын ұсынған болса; 6-8 сыныптағы ұл балалар ағашты, шыныны өңдеп: витраж, көне қобыз, саздан құмыраларды көрмеге қойды. Нәтижесінде үздік жұмыстар аудандық шығармашылық байқауына жолдама алып, А.Анар "Қыш құмыра", Н.Ермекбай "Көне қобыз" туындылары жүлделі І орын, ал Д.Медербектің"Дала тарихы сыр шертеді" мен Н.Рахметілданың "Шыны құмыра" жұмыстары ІІ дәрежелі орынмен мадақталды. Мәдени құндылықтарды дәріптеу мақсатында өткізілген бұл іс-шара әрі қарай жалғасын табатын болады. Жеңімпаз білім алушылар мен жетекшілерді құттықтаймыз!!!