Оқушылар жетістіктері » Страница 11 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
3-10 сынып білім алушылары арасында «Балалар әлемі» жобасының республикалық  кезеңі
04
қараша
2022
3-10 сынып білім алушылары арасында «Балалар әлемі» жобасының
Балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру, қазақ және шетел әдебиеті мен әлем әдебиеті ақын-жазушыларының шығармаларын терең зерттеуге шақыру және жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімді қалыптастыру мақсатында 3-10 сынып білім алушылары арасында «Балалар әлемі» жобасының республикалық  кезеңінде  №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Ерланқызы  Назгул  Алғыс хатпен  марапатталды. Жетекшісі:  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шалдарбекова М
Меркі ауданының білім мекемелерінің арасында өткізілген аудандық "Күз шеберханасы" байқауы
27
қазан
2022
Меркі ауданының білім мекемелерінің арасында өткізілген аудандық "Күз
Меркі ауданының білім мекемелерінің арасында өткізілген аудандық "Күз шеберханасы" байқауында #5 Ақарал ЖОББМГ  7-11 жас аралығында "Композициялар жасау" номинациясы бойынша 2 "ә" сынып білім алушысы Рысқұл Аяла 3 орынмен марапатталды. 12- 16 жас аралығында "Фитодизайн" номинациясы бойынша 9"а" сынып білім алушысы Ибрайм Нұрай 1 орын, 8"ә" сынып білім алушысы Жаныбекұлы Бексұлтан 3 орын иеленді. Жетекшілері: А. Даулетова, А. Барменқұлов.
3-8 сынып білім алушылар арасында робот моделін құрау және роботтарды бағдарламалау бойынша “First Robotics” робототехника аудандық жарыс
21
қазан
2022
3-8 сынып білім алушылар арасында робот моделін құрау және роботтарды
20-21 қазан аралығында Меркі ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен 3-8 сынып білім алушылар арасында робот моделін құрау және роботтарды бағдарламалау бойынша “First Robotics” робототехника аудандық жарыс ұйымдастырылды. Жарыс нәтижесінде N5 Ақарал ЖОББМГ білім алушылары  “Арқан тартыс”,  “Робо асық ату”, “Жүк тасымалы” бағыттары бойынша 1 орын 8 сынып білім алушысы Мейрбек С, 2 орын 4сынып білім алушысы Ибрайм Ғ мен 6 сынып білім алушысы Достан Н дипломдармен және медальдармен
"Менің кіші Отаным"  атты V республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі
17
қазан
2022
"Менің кіші Отаным" атты V республикалық интеллектуалдық конкурсының
Туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін,  қоғамдық белсенділігін дамыту, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру мақсатында жас тарихшылардың "Менің кіші Отаным"  атты V республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңінде №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 10 "А"  сынып білім алушысы Қыдырбек Айсезім "Менің туған өлкем" аталымы бойынша жүлделі III орынды
Облыстық "Маралтай оқулары"  байқауы
17
қазан
2022
Облыстық "Маралтай оқулары" байқауы
Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері,  ақын Маралтай Райымбекұлының шығармашылығын насихаттау арқылы талантты тұлғаның шығармашылығын халық игіліне айналуына жол ашу, жас ақындарға рухани қолдау көрсету, олардың шығармашылық қабілетін анықтау мақсатында облыстық "Маралтай оқулары"  байқауы өткізілді. Мектебіміздің 9 "А" сынып білім алушысы Құрманғали Асемай мәнерлеп оқу аталымы бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Р. Наушабаева.
3-10 сынып оқушылар арасындағы облыстық "Балалар оқулары"  байқауы
14
қазан
2022
3-10 сынып оқушылар арасындағы облыстық "Балалар оқулары" байқауы
2022 жылдың  қазан айының 14 күні Тараз қаласында 3-10 сынып оқушылар арасындағы облыстық "Балалар оқулары"  байқауы өтті. Байқауда мектебіміздің 7 " А" сынып білім алушысы Ерланқызы Назгүл I дәрежелі дипломмен марапатталып,  республикалық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі: Шалдарбекова М. 
"Медиатор-келіссөздер  шебері" эссе байқауы
13
қазан
2022
"Медиатор-келіссөздер шебері" эссе байқауы
2022 жылы қазан айының 13 күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 11-сынып білім алушысы Дүйсебай Ақнұр облыстық "Ең үздік медиатор мектебі" байқауына қатысып, төрт бағыт бойынша: мектеп медиациясы қызметінің логотипі,  "Жанжал және оны шешу" тақырыбында сурет байқауы, мектеп медиация үздік  бейнеролигі, "Медиатор-келіссөздер  шебері" эссе байқауы жұмыстарын  үздік қорғап, жүлделі үшінші орынды иеленді. Жетекшісі: директордың құқықтық тәрбие жөніндегі орынбасары  Ғ.
"Үміт сарайында" Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерей тойына арналған аудандық турнир
07
қазан
2022
"Үміт сарайында" Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерей тойына арналған
Ағымдағы жылдың 7 қазан күні оқушылар "Үміт сарайында" Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерей тойына арналған аудандық турнир өтті. Турнирге №5 Ақарал ЖОББМГ-ның 10 сынып білім алушылары Жұбатхан Алина мен Қылшабай Аминадан құралған "Томирис" фракциясы қатысып, 13 фракция ішінен жүлделі 3 орынға ие болды. Білім алушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!
Облыстық "Маралтай оқулары" байқауының аудандық кезеңі
07
қазан
2022
Облыстық "Маралтай оқулары" байқауының аудандық кезеңі
Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Маралтай Райымбекұлының шығармашылығын насихаттау арқылы талантты тұлғаның шығармашылығын халық игілігіне айналуына жол ашу, жас ақындарға рухани қолдау көрсету, тума талант, табиғи дарындыларды тану, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау мақсатында облыстық "Маралтай оқулары" байқауының аудандық кезеңіне  9а сынып білім алушысы Құрманғали Әсемай қатысып, жүлделі І орынға ие болып, мәнерлеп оқу аталымы бойынша облыстық байқауға
"Менің кіші Отаным" атты  V республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңі
07
қазан
2022
"Менің кіші Отаным" атты V республикалық интеллектуалдық конкурсының
Туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамыту, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру мақсатында жас тарихшылардың "Менің кіші Отаным" атты  V республикалық интеллектуалдық конкурсының аудандық кезеңіне №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп - гимназиясының 9-10 сынып білім алушылары қатысты. Қатысушылар І тур бойынша Қазақстан тарихы пәнінен тест тапсырса, ІІ