23
қыркүйек
2022
2а сыныбында "Тиімді тамақтану" тақырыбында сынып сағаты
23.09.2022ж N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 2а сыныбында "Тиімді тамақтану" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: білім алушыларға жақсы денсаулықың, жан-жақты дамудың кепілі - тиімді тамақтану екенін ұғындыру. Сабақ барысында оқушылар алған ақпараттар бойынша пайдалы және зиянды тағамдардың адам ағзасына тигізетін әсері туралы топтық, жұптық жұмыс жүргізді. Тамақтану ережесін құрастырды. Нәтижесінде тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, ағзаның қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына ықпалын тигізетінін түсінді. Сынып жетекшісі: Ш. Ермаханбетова