27
қыркүйек
2023
2"А" сыныбында "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі" тақырыбында тәрбие сағаты
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының 2"А" сыныбында "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: жас ұрпаққа дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір салты жөніндегі ұғымдарды кеңейту. Сабақ барысында білім алушылардың қазіргі таңда дүкен сөрелерінде үзілместен үлкен сұранысқа ие болып отырған фаст - фуд өнімдері, газдалған сусындардың адам ағзасына келтіретін зиянды жақтары түсіндіріліп, олардың орнына ағзаға пайдалы дәруменге бай тағамдармен алмастыру керектігі айтылды. Сынып жетекшісі: А,Суанкулова