08
қаңтар
2024
8”А”сыныбында “Тиімді тамақтану” тақырыбында сынып сағаты
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында 8”А”сыныбында “Тиімді тамақтану” тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты:адам денсаулығын сақтау, жұқпалы аурулардан сақтануда дәрумендердің адам ағзасына тигізетін пайдасы тиімді тамақтануға тікелей байланысты екендігін түсіндіру.Жасөспірім кезеңінде балалардың тиімді дұрыс тамақтануы адам ағзасының дұрыс қалыптасуына әсерін тигізетіндігі туралы сынып жетекші Ж.Алайдарова ақпараттық мәлімет берді.Балалар “ Ас- адамның арқауы”,Ауру- астан” деген мақалдардың мағынасы адам денсаулығына қатысты айтылғандығы туралы өзара ойларымен пікір алмасты.