06
қазан
2021
«Дұрыс тамақтану» тақырыбы бойынша тәрбие сағаты
06.10.2021ж күні 3 «ә» сыныбында «Дұрыс тамақтану» тақырыбы бойынша тәрбие сағаты өтілді. Сабақ барысынды «Серпілмелі сауал» әдісі арқылы білім алушылардың тамақтану жайлы не білетіндері сұралды. «Кинометафора» әдісі арқылы балалар дұрыс тамақтану жайлы қосымша мәліметтер алып, соңында сұрақтарға жауап берді. Топтық тапсырмалар барысында білім алушылар «Пайдалы және зиянды тағамдарды» топтастырды, «Тамақтану ережесін» құрастырды, асқа байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, мағынасын түсіндірді. Тәрбие сағаты барысында балалар зиянды тағамдардан аулақ болуды, тамақтанар алдына тазалық сақтау керектігін, уақылы және дұрыс тамақтану керектігін меңгерді.