14
мамыр
2021
Мектептегі білім алушылардың тамақтандыруы туралы
Білім алушыларды сапалы тамақпен және балалар денсаулығын қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектепте тамақтандыру жұмыстары ұйымдастырылған. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру «ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулымен бекітілген мектеп асханасы қызметі төмендегі талаптарға сай жүзеге асырылды. #5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясы асханасының толымдылығы 30 % - дан артық болған жоқ, білім алушылар әлеуметтік 2 метр қашықтықты сақтаған және кіре берісте және тамақтану залында қол жууға арналған жағдайлар, келушілердің қолын өңдеуге арналған тері антисептиктерді пайдаланды. Мектеп білім алушыларының тамақтану мәзірі, тамақтану ұзақтығы дұрыс жолға қойылған. Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері пайдаланатын тамақ өнімдерінің сапасына мониторнинг жүргізіп отырды. Ас мәзірі дұрыс жасалған, күн сайын медицина қызметкері тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізіп отырды.