03
желтоқсан
2024
"Цифрлық дәуірде журналистиканың жаңа қырлары" тақырыбында семинар өткізілді.
Эксперименталды алаң жоспарына сәйкес "Akaral Podcast" орталығының жас журналистеріне "Цифрлық дәуірде журналистиканың жаңа қырлары" тақырыбында семинар өткізілді. Журналистерге цифрлық медиа платформалар арқылы TikTok, Instagram, YouTube сияқты платформаларды пайдалану, контент өндіру мен аудиторияны тарту әдістері, журналистердің кәсіптік ынтымақтастығы, журналистің әлеуметтік жауапкершілігі туралы талқылаулар жасалды. Жас журналистер жаңа білім мен дағдыларды игеріп, семинар соңында жас журналистерден кері байланыс алынды. Ұйымдастырушылар: Е.Жанұзақ, А.Имангалиева
