14
мамыр
2022
"Цифрландыру -бүгінгі білім берудегі жаңа негіз" тақырыбында форсайт сессия
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында 14.05.2022 жылы «Жаңа Қазақстан: жаңашыл ұстаз, жаңа ұрпақ" атты шығармашылық топтың онкүндігінің жоспарына сәйкес педагогтардың цифрлық құзыреттіліктерін дамыту мақсатында директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасары А.Барменкулов "Цифрландыру -бүгінгі білім берудегі жаңа негіз" тақырыбында форсайт сессия ұйымдастырды. Мақсаты: оқу процесінің нәтижелігін арттыруға бағытталған бейне сабақтар, интерактивті тапсырмалар және PowerPoint бағдарламасымен видео сабақтар құрастырудың жолдарын меңгерту. Сессия барысында педагогтар заманауи, техникалық үдерістен қалыс қалмай, цифрлық ортада жұмыс жасап, АКТ-ның артықшылықтары туралы ой бөлісті.