12
мамыр
2022
"Электронды портфолионың жасалу жолдары" , "YouTube каналын ашу және оны пайдалану" тақырыбында оқыту семинары
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында 12-13.05.2022 жылы «Жаңа Қазақстан: жаңашыл ұстаз, жаңа ұрпақ» атты шығармашылық топтың онкүндігінің жоспарына сәйкес педагогтардың цифрлық сауаттылықтарын дамыту және интернет ресурстарын тиімді пайдалану үшін қажетті білім мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында информатика пән мұғалімдері Э.Жақсыбаева "Электронды портфолионың жасалу жолдары" тақырыбында, О.Еркебаев "YouTube каналын ашу және оны пайдалану" тақырыбында оқыту семинарын ұйымдастырды. Мақсаты – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, оқу - тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету. Оқыту семинары педагогтартардың цифрлық құзыреттіліктерінің дамуына, өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашты.