12
желтоқсан
2025
7 сынып білім алушыларымен “Энергияны тиімді пайдалану: Мини макеттер үлгісін құрастыру” тақырыбы бойынша танымдық шеберлік сабағы
Эксперименталды алаң бағдарламасы аясында “Қарқынды қадам-сәтті болашақ” жобасы шеңберінде энергияны тиімді пайдалану үшін қарапайым мини-макеттер құрастырып, олардың жұмыс принципін түсіндіру арқылы экологиялық таза әрі үнемді энергия шешімдерін зерттеу мақсатында физика пәні мұғалімі Н. Ермекқызы және А. Арнат 7 сынып білім алушыларымен “Энергияны тиімді пайдалану: Мини макеттер үлгісін құрастыру” тақырыбы бойынша танымдық шеберлік сабағын ұйымдастырды. Шара барысында оқушы түрлі энергия үнемдеу технологияларын көрсететін мини-макеттер жасады және оларды оқушылар өзі құрастырды. Ол макеттердің жұмыс принципін түсіндіріп, энергияны үнемдеудің маңызы мен баламалы энергия көздерінің тиімділігі туралы ақпарат ұсынды.