Эксперименттік алаң » Страница 9 » ОШГ№5 Акарал
амбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
«№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54484
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54484
Нашар
көрушілер нұсқасы
“Дарынды баланың абстракты ойлауын дамыту жолдары” атты шығармашылық шеберлік сынып
01
ақпан
2024
“Дарынды баланың абстракты ойлауын дамыту жолдары” атты шығармашылық
Эксперименттік алаң жоспарына сәйкес 01.02.2024ж “Дарынды баланың абстракты ойлауын дамыту жолдары” атты шығармашылық шеберлік сынып ұйымдастырылды. Мақсаты: Білім алушылардың  танграм, мазортика әдістері арқылы элементтерден үлгі жасауға және ең бастысы, логикалық тұрғыдан ойлауды дамыту болып отыр. Білім алушылар абстрактілі ойлау арқылы түрлі кескін суреттерін құрастырды. Ұйымдастырушы:  эксперименталды алаң талдаушысы: Усенова Жазира 
«Сиқырлы қыс» шығармашылық байқауы
31
қаңтар
2024
«Сиқырлы қыс» шығармашылық байқауы
Эксперименттік алаң жоспарына сәйкес  31.01.2024 «Сиқырлы қыс» шығармашылық байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: бейнелеу өнері арқылы білім алушылардың бойындағы қабілеттері мен көркемдік шығармашылығын дамыту болып табылды. Шығармашылық  байқау нәтижесі бойынша 5-6 сынып білім алушылары  қыс мезгілінің көрінісін сан-алуан түрлі бояулармен ақ қағаз  бетіне түсіре отырып, өздерінің шығармашылық өнерлерін танытып, ең  үздік деген жұмыстары марапаттарға ие болды. Жауапты мұғалімдер: Барменкулов Ә.
«Спорт есірткіге қарсы» ұранымен үстел теннисінен ашық турнир
26
қаңтар
2024
«Спорт есірткіге қарсы» ұранымен үстел теннисінен ашық турнир
Меркі ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі  бұқаралық спорт іс-шаралар орталығының спорт нұсқаушысы Ж.Болатұлының ұйымдастыруымен 26 қаңтар 2024жылы «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен үстел теннисінен ашық турнир өткізілді. Жарысқа №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 7 сынып білім алушысы Амантай Б және 9 сынып білім алушысы Мұратбек М қатысып,жүлделі І, ІІ орын жеңімпаздары атанып, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаз білім алушыларымызды құттықтаймыз!
"Асық ату, Тоғызқұмалақ, Үстел теннисі" ойындарынан жарыстар
04
қаңтар
2024
"Асық ату, Тоғызқұмалақ, Үстел теннисі" ойындарынан жарыстар
"Ұлттық ойын - ұлт қазынасы" ұлттық ойын арқылы балалардың дене бітімінің дұрыс қалыптасуын жетілдіру,  ұлттық ойынға деген қызығушылық сезімдерін дамыту арқылы ептілікке, мергендікке, шапшандыққа, тапқырлыққа баулу, ойын арқылы салт дәстүрді түсініп қастерлеуге, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге баулу және білім алушылардың қысқы демалысын тиімді етіп өткізу мақсатында ағымдағы жылдың 4 қаңтар күні #5 Ақарал ЖОББМГ дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Асық ату, Тоғызқұмалақ, Үстел
"Жеңілдетілген ережемен екі жақты ойын” тақырыбында сабақ
12
желтоқсан
2023
"Жеңілдетілген ережемен екі жақты ойын” тақырыбында сабақ
N5 Ақарал ЖОББМГ-да 5-15  желтоқсан аралығындағы 10 күндік аясында үйірмеден сабақтар өткізілді. Соның бірі желтоқсан айының 12.12.2023 жылы жұлдызында 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне орай  "Жеңілдетілген ережемен екі жақты ойын” тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты ойыншының қарсыласына қалай тосқауыл қою жолын үйрету, ойлау қабілетін дамыту болып табылады. Тосқауыл қою - қарсыласының алаңдағы өз жағдайын жақсарту және ұтысқа жетелеу мақсатында екі жақты ойын

Допты жоғарыдан екі қолмен беру» тақырыбында сабақ
08
желтоқсан
2023
Допты жоғарыдан екі қолмен беру» тақырыбында сабақ
05-15.12.2023ж үйірме жұмысының онкүндік жоспары аясында 08.12.2023ж №5 Ақарал жоббмг-да «Волейбол» үйірмесі білім алушыларымен «Допты жоғарыдан екі қолмен беру» тақырыбында сабақ өткізілді. Үйірме жетекшісі : Мухамед.Н  
"Асық ату" үйірмесі
08
желтоқсан
2023
"Асық ату" үйірмесі
31.08.2023 жылғы N 344  бұйрық негізінде, Ұлттық асық ойынын жандандырып, білім алушылардың ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттырып, асық ойынын жоғарғы деңгейде меңгертіп, эстетикалық сауатты тұлға тәрбиелеп, даярлау мақсатында "Асық ату" үйірмесі құрылды. Үйірме 7-8 сынып білім алушылары арасынан іріктеліп, 12 ұл баламен толықтырылды. Үйірме сабақ кестесіне сай жүргізіліп, былтырғы оқу жылында аудан, облыс мектептері арасында “Ұлттық мектеп лига” аясында ұйымдастырылған командалық асық ату
“Жоғарыдан тура допты ойынға қосу”тақырыбында сабақ
06
желтоқсан
2023
“Жоғарыдан тура допты ойынға қосу”тақырыбында сабақ
05-15.12.2023 ж үйірме жұмысының 10 күндік жоспары аясында 06.12.2023ж  5 Ақарал ЖОББМГ-да “Волейбол “үйірмесі білім алушыларымен “Жоғарыдан тура допты ойынға қосу”тақырыбында сабақ өткізілді. Үйірме жетекшісі :Мұрат Н  
“Үстел теннис” үйірмесі
06
желтоқсан
2023
“Үстел теннис” үйірмесі
N5 Ақарал  ЖОББМГ-да  4-11 сынып білім алушылардың белсенділігі мен жылдамдық, ептілік, қимылды басқарушылық, зейінін арттыру, қабілеттерін қалыптастыру мақсатында “Үстел теннис” үйірмесі жұмыс жасауда. Үйірме жетекшісі: Е. Бошкулов