04
желтоқсан
2024
Шырын Мамасериковамен кездесу-сұхбат
04.11.2024 жылы эксперименталды алаң жоспарына сәйкес №5 Ақарал жоббмг-ң «Akaral podcast”орталығының жас журналисі Тасқара Ай танымал тұлға, Қазақстандық журналист, медиаменеджер және қоғамның белсенді мүшесі Шырын Мамасериковамен кездесу-сұхбат жүргізді. Сұхбат барысында Шырын Мамасериковамен өзінің өмірлік жолы, балғын балалық шағының қызықтары, ақындық жолы, асқақ армандары, жастардың медиа саласындағы білімін тереңдетуге, оларды кәсіби тұрғыда жетілдіруге мүмкіндік беретін даму тенденциялары бойынша қойылған сұрақтар туралы ой бөлісті. Ақын, Шырын Мамасерикова сұхбат соңында, білім алушыларды мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білікті жастар екенін айтып, оларды қоғамның белсенді мүшесі болуға шақырып, жас журналистерге «Балалық шақ» туралы өлеңін оқып, алғыс айтып, алдағы жоспарларына сәттілік тіледі.


