13
қазан
2022
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау
2022 жылдың 13 қазан күні «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығы негізінде құрылған мектепке педагогтерді бос және (немесе) уақытша бос лауазымдық орындарға тағайындау жөнінде қосымша білім беру педагогы және әлеуметтік талдаушы қызметіне өтініш берген үміткерлерге конкурстың төртінші отырысы өткізілді.
Конкурстық комиссия төрайымы мектепте педагог лауазымға тағайындау бойынша конкурстық комиссияның мүшелерінен басқа ешқандай тәуелсіз сарапшылар, байқаушылар конкурс рәсімдеріне қатыспағанын айтты. Конкурсқа ниет білдіріп әлеуметтік талдаушы Ж. Усенова, қосымша білім беру педагогы ретінде өтініш білдірген Е.Жанұзақ және М.Кибаев бос лауазымдық қызметіне қатысқалы тұрғанын айтты.
Конкурс барысында үміткерлердің құжаттары тексеріліп, педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың бағалау парағы бойынша баллдық жүйесі есептелінді.
Комиссия мүшелері конурсқа ниет білдірген әлеуметтік талдаушы Ж.Усенованы, қосымша білім беру педагогы ретінде өтініш білдірген Е.Жанұзақ және М.Кибаевны №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясын бос лауазымдық қызметіне тағайындауға ұсыныс жасады.
Математика пәнінен жарияланған конкурсқа ешқандай үміткер тіркелген жоқ.