07
сәуір
2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты халыққа үндеуі
Апат айтып келмейді демекші мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты халыққа үндеуін тыңдадым.
Елімізде орын алып отырған су тасқыны - табиғи апат.
Су тасқынына орай, еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі таңда Үкімет ағын судың салдарын жоюға бар күшін жұмсауда.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев бүгінгі үндеуінде жағдай қаншалықты күрделі болса да, қиындықты еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз деген сөзі - рухани бекзат болмысыма , жан дүниеме тыныштық сыйлап , күш - жігер берді.
Ең бастысы - азаматтардың амандығы.
Адамның құны - сөйлеген сөзі мен ісінің сәйкестігінде . Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты да еңсереміз.
Мектеп басшысы: Н.Конкабаев