09
қыркүйек
2020
Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелеріне сәйкес педагогикалық ұжымға іс-шара жоспарын насихаттау және түсіндіру жұмыстары
2020 жылдың 9 қыркүйек күні №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының мәжіліс залында мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелеріне сәйкес педагогикалық ұжымға іс-шара жоспарын насихаттау және түсіндіру жөніндегі ақпараттық насихаттау тобының мүшесі, облыстық білім басқармасының басшысы Г.Ходжабергенова санитарлық талаптарды сақтай отырып, өңірде іске асырылатын жобаларды пысықтау мақсатында жиналыс өткізді.
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауда білім саласын ерекше назарға алды. Гүлнар Махайқызы басталған жаңа оқу жылында бірыңғай оқу платформасын әр аудан оңтайлысын таңдап, шалғай ауылдарға орналасқан шағын жинақталған мектептер дәстүрлі түрде оқып, ғаламторға қолжетімді аумақ мектептердің жоғары сынып білім алушылары қашықтан, ал 1-4 бастауыш "кезекші" сыныптар жұмысының ұйымдастырылғанын, облыс бойынша 130 елді мекенде интернет мүлдем жоқ екенін мәлімдеді.
Жиналыс барысында Г. Ходжабергенова мобильдік телефон операторлары интернеті жоқ мұғалімдер мен білім алушыларды интернет желісімен қамтамасыз ету мақсатында техникалық мүмкіндіктерді тексеру жұмыстары жүргізіліп, қашықтан оқитын білім ошақтарында аз қамтамасыз етілген және көп балалы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасының балаларын интернетпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 22904 роутер сатып алынғандығын айтты. Білім саласы ең алдымен ұстаздардың кәсібилігіне, біліктілігіне байланысты. Сол себепті ұстаздар бос уақытын қосымша әдебиет оқуға, өзін -өзі дамытуға, онлайн курстар өтіп білімін жетілдіруге тиіс екенін, ал білім алушының жеке тұлғалық сапалығын дамытып, оқуға өз бетінше ынталандыру мен жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде қалыптастырып, жас ұрпақты Отанға, елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу қажеттілігін айтып, сөзін қорытындылады.