06
қаңтар
2021
Бабалардан мұра болған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз
Тәуелсіздік – ерекше ұғым. 30 жылдан бері біз өз жоспарларымызды жүзеге асырып, жаңа Қазақстан - заманауи, бәсекеге қабілетті мемлекет құрамыз. Тәуелсіздік жылдарындағы республикамыздың жетістіктері мемлекетіміздің барлық тұрғындарының қажырлы еңбегінің, бірлікке, бейбітшілік пен ынтымақтастыққа ұмтылуының арқасында мүмкін болды. Біздің ортақ жолымыз оңай болған жоқ, бірақ біз тұрақтылық пен өзара түсіністікті сақтадық. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақалада Қасым-Жомарт Тоқаев егемендігіміз бен елдігіміздің тірегі болатын басты бағыттарға тоқталып, іргеміздің берік болуы үшін қажет шараларды да айқындап берді. Ел Президенті өзінің іс жүзінде азаматтарға маңызды үндеуіне айналған мақаласында: Қазақстан аумақтық сызықтар бойынша бөлінбейтін біртұтас мемлекет. Тәуелсіз мемлекет құрудың тарихи маңызы бүгінде ерекше маңызға ие – тек мызғымас құндылықтар ғана инновацияларды енгізумен қатар дәстүрлерді нығайта алады. Оларды қайта ойластырып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу керек. Тарихтың, мәдениеттің және тілдің ұқсастығы – бұл қазақстандық бірегейлікті нығайтудың әлеуеті, оны асыра бағалау қиын, сондықтан қазір тарихи бағытты дамыту қажеттілігі туралы идея өзекті болып көрінеді. «Бабалардан мұра болған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз. Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ. Бүгінгі тарихымыз 1991 жылмен немесе 1936 жылмен өлшенбейді. Халқымыз Қазақ хандығы кезінде де, одан арғы Алтын Орда, Түрік қағанаты, Ғұн, Сақ дәуірінде де осы жерде өмір сүрген, өсіп-өнген», - деп атап өтті Мемлекет басшысы. Тәуелсіздікке жету жолы қаншалықты ауыр болса, тәуелсіздікпен тыныстаудың баяндылығы да соншалықты жауапты екені анық. Жас ұрпақ тәуелсіздіктің тағылымдарын танып, қастерлеп, құрметтеп отыруы керек. Тәуелсіздік бізге бәрінен де қымбат. Сондықтан да бәріміз еліміз үшін еңбектенуіміз, халқымыз үшін қызмет істеуіміз, елдің болашағын, тілдің болашағын сақтау баршаның міндеті! №5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназия директоры Н.С.Койшиманова