1 наурыз Алғыс айту мерекесі- ата-бабаларымыздан бері қалыптасып келе жатқан халықтар достығының белгісі
1 наурыз Алғыс айту мерекесі- ата-бабаларымыздан бері қалыптасып келе жатқан халықтар достығының белгісі екені баршамызға мәлім. Осы мереке аясында #5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында "Мәңгілік ел-менің арманымның мекені"атты мерекелік кеш өткізілді. Бұл кешке Ақарал ауылдық округінің кыргыз, өзбек, түрік, орыс ұлт өкілдері мен ауыл әкімі О. Жантайбеков, ардақты ақсақалдар және жас өнерпаз, әнші,ауыл тұрғыны С.Ауелбеков пен Ж.Төреқұл шакырылды. Мектеп білім алушыларынан құрылған хор, "Гаухартас" би үйірме қатысушыларының "Шаттық " биі, жүрекжарды алғыс айту құттықтаулары мен бастауыш сыныптағы И.Эргашев, А. Қазбектің орындауындағы патриоттық әндер көпшіліктің көңілінен шықты. Кештің соңында мекеме басшысы Н.Койшиманова елімізде Елбасымыздың тапсырмасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, барлық этнос өкілдері бір мақсат аясында жұмыла, еліміздің дамуы мен тұрақтылығын сақтау жолында бірдей еңбек етіп келгенін айтып,келген қонақтар мен барша қатысушыларға алғысын білдірді.