01
наурыз
2019
1- наурыз - алғыс айту күні еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен жарияланғанын және алғыс кімге, не үшін айтылатынын айқындау мақсатында өткізілген тәрбие сағаты
1- наурыз - алғыс айту күні еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен жарияланғанын және алғыс кімге, не үшін айтылатынын айқындау мақсатын көздеді. Осы мақсатта бүгін 10 «А» сыныбында
“Бір Отан-бір Отбасы» тақырыбында тәрбие сағаты болып, оқушылар ата - анаға мәпелеп асырағаны үшін, мұғалімге білім-тәрбие бергені үшін, Отан соғысы ардагерлеріне жеңіс үшін, жалпы кез - келген жақсылықпен көмекке алғыс айтылатыны туралы ойларын ортаға салды. Оқушылар «сыйластық» құндылығы, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілік,сыпайылыққарым-қатынасы туралы көп мағлұматтар алды. Бұндай іс-шара әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелейді.