01
маусым
2021
"Жазғы мектеп" жобасы аясында білім алушылармен психологиялық және психопрофилактикалық жұмыс жүргізу
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу- әдістемелік кабинеті 2021 жылғы 22 сәуірдегі "Жастар арасында қылмыс жасаудың алдын алу тиімділігін арттыру бойынша", 26 мамыр мен 19 мауысым аралығында "Жазғы мектеп" жобасы аясында білім алушылармен психологиялық және психопрофилактикалық жұмыс жүргізуде. Жоспарға сәйкес мектеп психологы Р.Молдобекова тұлғалық үрейлену - тұлғаның жеке ерекшеліктеріне байланысты түрлі стресс әсеріне ұшырауы жөнінде ақпаратты білу мақсатында "Дифференциалды эмоциалар шкаласы" К.Изард әдістемесі, невротизация деңгейі мен жағымсыз ойлардың пайда болуын анықтау мақсатында Л.И Вассерманның әдістемесі 8,10 сынып білім алушыларымен жүргізілді, сонымен қатар оқушылардың өзін - өзі белсенді ету деңгейін, психологиялық денсаулықтың конструктивті факторын айқындау мақсатында "Мен қандаймын?" тақырыбында 5,6,7 сынып білім алушыларымен сауалнама жүргізіліп, нәтижелеріне талдау жұмыстары жүргізілді