04
маусым
2021
"Мемлекеттік рәміздер - Тәуелсіздік символы" атты мерекелік іс - шара
4 маусым - еліміздің айтулы мерекесі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздері күні. №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында 1 - 10 сынып білім алушыларына "Мемлекеттік рәміздер - Тәуелсіздік символы" атты мерекелік іс - шара өткізілді. "Жас ұлан" балалар бірлестігінің белсенділері еліміздің рəміздері туралы бастауыш сынып оқушыларына ақпарат беріп, оларды құрметтеп, қастерлеуге шақырды. Сонымен қатар, "Әнұраны елімнің шақырады бірлікке" атты викториналық ойын жүргізіліп, сұрақтар алаңы ұйымдастырылды. Іс - шара жүргізушілері Е.Шарип пен А.Қыдырбек мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматтың қасиетті борышы екенін айтты. Мерекелік бағдарлама соңында А. Жорабектің орындауында "Туған жер" әні орындалып, "Гауһартас" би үйірмесінің қатысушыларының шаттық биіне ұласты. Бұл іс - шараға 38 білім алушы, 6 мұғалім қатысты.