08
қыркүйек
2021
"Жолда жүру ережелерін білу-қауіпсіздік негізі" атты іс-шарасы
№5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында ҚР ІІМ-нің Жамбыл облысы департаментінің Меркі аудандық полиция бөлімі басшысының 2021 жылғы 23 тамыздағы #4226 хатына сәйкес, балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында 2021 жылдың 8 қыркүйек күні 2-4 сынып білім алушылар арасында "Жолда жүру ережелерін білу-қауіпсіздік негізі" атты іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында әртүрлі кейіпкерлер рөлі сомдалып, жол ережесі түрлері таныстырылып, өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану шаралары, жол ережесі қауіпсіздігі таныстырылды.