24
қыркүйек
2021
"Жас келсе - іске" атты аудандық жарысқа іріктеу іс - шарасы
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясында ағымдағы жылдың 24 - ші қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Жас жалын" кәсіби - тұлғалы жас мамандар мектебінің жетекшісінің ұйымдастыруымен "Жас келсе - іске" атты аудандық жарысқа іріктеу іс - шарасы өткізілді. Нәтижесінде орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, жас маман А.Мақтабай аудандық сайысқа жолдама алды. Еліміздің ертеңі, шын мәнінде жастардың қолында, ал ұрпақтың тағдыры үшін жауап беру, отаншыл адамды, тұлғаны қалыптастыру, жастардың жанына нұр себу - ұстаздардың қолында. Сондықтан ұстаздар, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ұмытпауымыз керек. Олай болса, егеменді еліміздің тағдыры, жас ұрпақтың тағдыры - бүгінгі ұстаздардың қолында. Директордың ғылыми - әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Р. Бабижанова