02
ақпан
2022
Ақарал ауылында орналасқан "Ағаш өңдеу" цехына экскурсия
Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы білім алушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Осы орайда ағымдағы жылдың 2 ақпан күні ✓5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 9"Ә" сынып білім алушылары Ақарал ауылында орналасқан "Ағаш өңдеу" цехына экскурсия жасап қайтты. Мамандар білім алушыларды ағаш өңдеу технологиясымен, өз кәсіптерінің қыр-сырларымен таныстырып өтті.