31
қаңтар
2022
9 - сынып білім алушыларымен еңбекке баулу және мамандықтарын таңдауға бағыт беру
Мамандық таңдаудың бір жолы кәсіби бағдар беру! Осыған орай ағымдағы жылдың 31- қаңтар күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп - гимназиясының мәжіліс залында 9 - сынып білім алушыларымен еңбекке баулу және мамандықтарын таңдауға бағыт беру мақсатында №9 Меркі колледжі мамандары Е. Ибраимов, А.Шайменова, Т.Төлендиев, С.Абдильдинов және Н.Құралбаевамен кездесу өткізілді. Дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қарым қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі. Мектеп бітіретін 9 - сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Бұл әрине үлкен өмірге қадам басардағы ең жауапты сәттердің бірі, себебі осы бағыт бағдар адам ғұмырының алдағы болашағына өз әсерін тигізеді. Дұрыс жол тапсаң дүниеге пайдасы бар кірпіш ретінде қаланудың мүмкіндіктеріне қол жеткізетіні туралы көзқарастары қалыптастырды. Жауапты: ДОТІЖО Байтанаева Д.М.