28
наурыз
2022
"Қыз еркем, анасымен көркем" атты 5-7 сыныптар арасында байқау
Халқымыз "Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз" деп бекер айтпаған. Ұрпақ тәрбиесінің ұлағаты ананың даналығы мен ақылына байланысты. "Шешеге қарап қыз өсер" деген сөздің астары тереңде. Мектепте тәрбие жоспарына сәйкес, қыз бала тәрбиесіне, жалпы ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық сипатты жаңғырту, 2022-Балалар жылына орай, талантты, ибалы, инабатты қыздар мен қыз балаға өнегелі тәрбие беріп отырған аналарды насихаттау, қолдау көрсету мақсатында мектепішілік "Қыз еркем, анасымен көркем" атты 5-7 сыныптар арасында байқау өтті. Байқау нәтижесі бойынша Нұрлан Ақнұр анасы Дауелова Дамира, Болатбек Айару анасы Құрманғазы Бижамиля өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, "Өнерлі ару, Өнегелі ана", "Үздік қолөнер" номинацияларымен марапатталды. Құттықтаймыз!