07
сәуір
2022
"Салауатты әлем құрайық" тақырыбында спорттық іс-шара
Дүниежүзілік денсаулық күніне орай 07.04.2022ж "Салауатты әлем құрайық" ұлттық бағдарламасының тұжырымдамасы негізінде 1-11 сынып білім алушылары арасында "Салауатты әлем құрайық" тақырыбында спорттық іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында мектеп директоры Н.Койшиманова денсалықтың адам өміріне маңыздылығын, спорттың адам ағзасына пайдасы туралы айтып, барша білім алушыларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Білім алушылар, ән айтып, флешмоб билеп, өз күштерін спорттық алаңда сынады. Футбол, асық ату, спорттық эстафета және арқан тарту, кіші футбол ойындары ұйымдастырылды.