05
қыркүйек
2023
9-11 сынып білім алушылары арасында "Теріс діни ағымдар және олардан қорғану жолдары" тақырыбында кездесу
Қыркүйек айының 5 күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында Меркі аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ақтөре Мамбетов және облыстық дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Ғ. Толғанбай, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Б. Беркімбекова, М. Қасымованың қатысуымен 9-11 сынып білім алушылары арасында "Теріс діни ағымдар және олардан қорғану жолдары" тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуде теолог мамандары білім алушылардың діни сауаттылығын арттыру ерекшеліктерін, теріс діни ағымдардан сақтану жолдарын, зайырлы мемлекет ұстанымдары туралы кеңінен түсіндірді. Тәрбиелік мәні зор бұл шараның жеткіншектерге берер тәлімі мол болды.