02
қараша
2023
"Салауатты мектеп" жобасы
"Салауатты мектеп" жобасы
Білім алушылардың күзгі демалысын тиімді қолдану мақсатында "Салауатты мектеп" жоба аясында "Денсаулық сақтаудың 6-шарты- таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы, жақсы көңіл күй, күйзеліске түспеу" тақырыбында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша ата-аналар мен оқушылар арасында спорттық көңілді старт жарысы өткізілді. Жарысты дене шынықтыру пән мұғалімдері мен 7-8 сынып жетекшілері ұйымдастырды. Жүргізуші жарыс ережесімен таныстырып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Абишева барлығына сәттілік тілеп, денсаулықты күту, әрдайым қозғалыста болу жайында мәлімет берді. Спорттық жарысқа: Рахметлдә, Тоқтақан, Смағұл, Амангельді, Тоқтасын, Дүйсебай атты 6 отбасы қатысты. Іс-шара барысында ата -аналар өз топтарымен таныстырып, жақсы көңіл-күй сыйлап нәтижесінде, І орын Амангелді отбасы, ІІ орын Тоқтасын отбасы, ІІІ орын Тоқтақан отбасы иеленсе, Смағұл, Дүйсебай, Рахметлдә отбасылары номинациялармен марапатталды.
https://www.facebook.com/100034067418941/videos/871966540836557/