23
қаңтар
2024
10 "А, Ә" сыныптары арасында "Тарих сұңқарлары" атты зияткерлік ойы
N5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында 23.01.2024ж жылы Қазақ тілі мен әдебиет және тарих бірлестігінің айлық жұмыс жоспарына сәйкес тарих пәнінің мұғалімі А. Джадраев 10 "А, Ә" сыныптары арасында "Тарих сұңқарлары" атты зияткерлік ойын өткізді. Зияткерлік ойынға, "Алаш", "Азаттық", "Егемен" командалары қатысты. Сайыс 6 турдан тұрды, "Сұрақ- менен, жауап- сізден", "Жұмбақ тұлға", "Терминдер сөйлейді", "Әңгіме не жайында?", "Тапқырлар сайысы" кезеңдері бойынша бақтарын сынады. Сайыс соңында жеңімпаз командалар анықталып, оза шапқан "Азаттық" 1 орын, "Егемен" 2 орын, "Алаш" 3 орынды иеленіп. Барлық кезеңдерге белсене қатысқан қатысушылар арасында оқ бойы оза шыққан білім алушылар тиісті орындармен марапатталды.