15
ақпан
2024
«Ауғанстан ардагерлеріне тағзым!» атты кездесу кеші
№5 Ақарал ЖОББМГ-да 2024 жылдың 15 ақпан күні Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Ауғанстан ардагерлеріне тағзым!» атты кездесу кеші өткізілді. Кездесудің мақсаты Ауған соғысының қасіреті туралы мағлұмат беру, білім алушыларды ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру. Іс-шараға: Ауған соғысының ардагері Абиров Секен және Ақтөбе Әуе Қорғаныс Күштері Әскери институтының курсанты, мектеп түлегі Намазбек Мұхамедияр қатысып әскери-патриоттық, туған жерге деген сүйіспеншілік, ерлік туралы әңгімелер айтылып, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді. Ұйымдастырушы: АӘжТД пәні мұғалімі Е.Казыбаев.