01
наурыз
2019
6 «а» сыныбында «Ұстазым, саған мың алғыс!» тақырыбындағы тәрбие сағаты
№5 Ақарал жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының 6 «а» сыныбында «Ұстазым, саған мың алғыс!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізіліді. Сабақтың мақсаты: оқушылардың «сыйластық » құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, алғыс айта білу, жасалған жақсылыққа ризашылық білдіру. Сабаққа қазақ тілі пәні мұғалімі ұлағатты ұстаз З.Дауренбекованы қонаққа шақырып, оқушылар өздері құрастырған өлеңдерімен ризашылығын білдірді. Топтық жұмыста оқушылар өмірде кездесетін жағдаяттарды сахналап, бір-біріне алғыс айтты.