05
наурыз
2025
“Жақсы көңіл күй — жан азығы” тақырыбында мектеп білім алушыларымен тренинг
2025 жылдың 05 наурыз күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында “Жақсы көңіл күй — жан азығы” тақырыбында мектеп білім алушыларымен тренинг өткізілді. Тренинг— бұл оқушылардың эмоционалдық жағдайын жақсартуға, психологиялық тұрақтылығын арттыруға және жақсы көңіл-күйдің денсаулық пен өнімділікке әсерін түсіндіруге арналған тренинг. Оның мақсаты — оқушыларға стресстен арылудың, өз эмоцияларын дұрыс басқарудың және позитивті ойлаудың маңыздылығын көрсету. Тренинг барысында оқушылар өздерін қалай жақсы сезінуге болатынын, эмоционалдық күйзелістерді қалай жеңуге болатынын және көңіл-күйді көтерудің әртүрлі әдістерін үйренеді. Олар сондай-ақ бір-біріне қолдау көрсетуді, жақсы қарым-қатынас орнатуды және өмірдің қиындықтарына дұрыс көзқараспен қарауды меңгереді. Мектеп психологы: С.Сабыралиева, Д.Увалиева
