11
сәуір
2025
«Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында акция
2025 жылдың 11 сәуір күні №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алу көктемгі айлығы аясында «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында акция өткізілді. Бұл іс-шара нашақорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық-насихаттық акция. Акцияның мақсаты – жастарды зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіге қарсы қоғамда теріс көзқарас қалыптастыру.
Аталған акция аясында оқушылар белсенділік танытып, түрлі шаралар ұйымдастырды. Олар арнайы дайындалған плакаттар мен суреттер арқылы өз ойларын жеткізіп, ұрандар айтып, флешмоб биін билеп, көпшілікке өз үндеулерін жолдады. Бұл іс-шара оқушылардың шығармашылығын дамытып, нашақорлықтың зияны туралы тереңірек ойлануға мүмкіндік берді.
