30
желтоқсан
2025
Меркі АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция майоры Тупеков Еркебұлан Аяпбергеновичпен кездесу
2025 жылдың 26 желтоқсан күні 9–11 сынып білім алушылары арасында «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында пиротехникалық заттардың қауіптілігі, құқық бұзушылық, әлімжеттік пен бопсалаудың алдын алу» тақырыбында Меркі АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция майоры Тупеков Еркебұлан Аяпбергеновичпен кездесу өткізілді. Кездесу барысында Меркі АІІБ ЖПҚ ЮПТ бөлімінің аға инспекторы полиция майоры Е. Тупеков кәмелеттке толмағандар арасындағы жаңа жылдық мереке күндері және жалпы қысқы уақытта белең алатын атқыш заттарды пайдаланудың қауіптілігі мен зардаптары жөнінде айтып өтті. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алу мәселелері талқыланды. Әсіресе топтық төбелес, әлімжеттік көрсету, бопсалау фактілеріне жол бермеу, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау және құқыққа қайшы іс-әрекеттерге бармау бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
